“Технониколь” корпорациясының өкілдері “Оңтүстік” арнайы экономикалық аймағына келді

Сапардың мақсаты – “Оңтүстік” АЭА алаңының шарттарымен танысу және оның аумағында экструзиялық пенополистирол өндіретін зауыт салу мүмкіндігін талқылау.

"Технониколь" корпорациясының өкілдері "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағына келді

 

Бүгінгі таңда” Технониколь ”  жабын, гидрооқшаулағыш және жылу оқшаулағыш материалдардың ресейлік ірі өндірушісі болып табылады. Компания тобына Ресей, Белоруссия, Литва, Чехия, Италия, Ұлыбритания және Польша зауыттары, ғылыми орталықтар, өкілдіктер және оқу орталықтары кіреді. Жылдық айналымы 1,5 млрд. доллар болатын компания ірі еуропалық гидрооқшаулау материалдарын өндірушілердің бестігіне кіреді.

Сапар аясында өткен  келіссөздер барысында қонақтар “Оңтүстік” АЭА-ның қатысушысы мәртебесін алу шарттары, салықтық және кедендік преференциялар мен “Оңтүстік” АЭА жобалары туралы хабардар болды.