Түрік инвесторлары “Оңтүстік” АЭА келді

Әрлеу материалдары мен электр жабдықтарын шығаратын Alüport alüminyum ltd. Şti. DLL teknoloji as., Aykar otomotiv ltd. Şti., түрік компанияларының өкілдері «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағына келді. Сапар аясында түрік делегациясы резиденттік алу тәртібімен, преференциялармен және арнайы экономикалық аймақтың шарттарымен танысты.
Сонымен қатар, түрік делегациясына «Бал Текстиль» ЖШС кәсіпорны басшыларымен В2В форматында кездесу ұйымдастырылып, инвесторлар АЭА-да инвестициялау тәжірибесін талқылады.
«Бал Текстиль» ЖШС-нің жобалары түрік капиталының қатысуымен жүзеге асырылғанын айта кету керек, оның инвесторы түріктің «Kartal Karpets» компаниясы болып табылады.
Кездесу қорытындысы бойынша, түрік инвесторлары аймақтың инвестициялық тартымдылығын және АЭА-ның даму мүмкіншіліктерін жоғары бағалады.
Айта кетсек, түрік инвестицияларының қатысуымен «Оңтүстік» АЭА аумағында жалпы құны 8,85 млрд.теңгені құрайтын 2 жоба жүзеге асырылған.