ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Владимир Божко “Оңтүстік” АЭА-да болды

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановпен бірге  «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында болды.

Сапар барысында мәжіліс депутатының назарына арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеу қағидаттары мен негізгі көрсеткіштері ұсынылды.

Сонымен қатар, мәртебелі қонаққа “Бал Текстиль” ЖШС, “Әлем БТ” ЖШС, “Lux Shoes” ЖШС және “Хлопкопром Целлюлоза” ЖШС кәсіпорындарының өндірістік алаңдарына таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды.

ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Владимир Божко "Оңтүстік" АЭА-да болды

ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Владимир Божко "Оңтүстік" АЭА-да болды

Өз кезегінде, Владимир Карпович АЭА-ның арнайы құқықтық режимі шеңберінде бизнесті мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін атап өтіп, отандық тауар өндірушілердің өнімдерін сыртқы нарықтарға ілгерілетуде қолдау көрсетуге дайын екендігін мәлімдеді.