“Оңтүстік” арнайы экономикалық аймағының аумағында “SHYMKENT QAGAZY” ЖШС компаниясының крафт-қағазы мен қораптарын өндіретін зауыттың құрылысы жүргізілуде

“Оңтүстік” арнайы экономикалық аймағының аумағында “SHYMKENT QAGAZY” ЖШС компаниясының крафт-қағазы мен қораптарын өндіретін зауыттың құрылысы жүргізілуде.
Жобаға салынған инвестициялардың жалпы құны – 1,5 млрд. теңгені құрайды. Жыл сайын зауыт 4 млн.дана қорап пен 10 мың тонна крафт-қағазын шығаратын болады. Кәсіпорын базасында шамамен 50 жаңа жұмыс орындары құрылады.
Кәсіпорын 2020 жылдың соңына қарай іске қосылады деп жоспарлануда.