“Оңтүстік” арнайы экономикалық аймағы “Global Free Zones 2019” әлемдік рейтингісінде

“Financial Times” баспасының еншілес басылымы болып табылатын “fDi Magazine” іскерлік журналы ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша еркін экономикалық аймақтардың “Global Free Zones 2019″рейтингін жариялады.

Рейтингке сәйкес “Оңтүстік” арнайы экономикалық аймағы “Specialisms textiles” – “Тоқыма саласында мамандандырылған” және “Crossborder collaboration” – “Трансшекаралық ынтымақтастық” номинациялары бойынша жеңімпаз атанды.

"Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы "Global Free Zones 2019" әлемдік рейтингісінде

"Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы "Global Free Zones 2019" әлемдік рейтингісінде

Аталған номинациялар “Оңтүстік” АЭА-ның еліміздегі тоқыма саласының орталығына айналғаны және резидент кәсіпорындардың таяу және алыс шетелдермен белсенді сауда ынтымақтастығын орнатқаны үшін берілді.

Бүгінгі күні “Оңтүстік” АЭА-ның аумағында жалпы инвестиция сомасы 29,5 млрд.теңге құрайтын 14 жоба іске асырылып, 1531 жұмыс орны құрылды. “Оңтүстік” АЭА-ның кәсіпорындары 60-қа жуық өнім түрлерін шығарады, өндірістің жалпы көлемі 53,9 млрд.теңгені құрайды. Осы өнімнің 37,2 млрд.теңге сомаға тең көлемі 15-тен астам мемлекеттерге экспортталды.

Анықтама үшін: Тікелей шетелдік инвестициялардың жаһандық нарығының үрдісін талдауға маманданған басылым 10 жылдан астам уақыт бойы 15 мың дана таралыммен басылып шығады.

Журналдың белсенді оқырмандарының қатарында –  трансұлттық корпорациялар, инвестициялық қорлар, банктер, сондай-ақ саяси және бизнес элитаның өкілдері. “Global Free Zones of the Year” рейтингісі – инвестициялар көлемінің көрсеткіштеріне, бизнесті жүргізудің жеңілдігіне және қажетті инфрақұрылымның болуына және т. б. көрсеткіштерге негізделген еркін экономикалық аймақтардың жыл сайынғы рейтингі.