“Оңтүстік” АЭА резиденттері коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу шараларын қабылдауда

Қазақстанда 2020 жылғы 16 наурыздан 15 сәуірге дейін жарияланған төтенше жағдайға байланысты “Оңтүстік” арнайы экономикалық аймағының Басқарушы компаниясы ішінара қашықтықтан жұмыс режиміне көшеді. Бұл шаралар қызметкерлердің денсаулығын сақтауға және коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмауға бағытталған.
Сондай-ақ, “Оңтүстік” АЭА-ның кәсіпорындарында қызметкерлер арасында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу және қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
Өндірістік алаңдардың аумағында күшейтілген өткізу және дезинфекциялау режимі енгізілді. Кеңселер мен өндірістік алаңдарда зарарсыздандыру құралдарын қолдана отырып, тазалау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі. Кәсіпорындар өз қызметкерлерін медициналық маскалармен және санитайзерлермен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізуде.