“Оңтүстік” АЭА-ның қатысушысы “АГФ Групп” ӨК” ЖШС Жаңаталап тұрғындарына 3000 көп мәрте пайдалануға жарайтын қорғаныш маскаларын тегін ұсынды.

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының резиденті «АГФ Групп» ӨК» ЖШС коронавирустың жағымсыз әсерін болдырмау және шектеу жөніндегі шараларды қолдап, сондай-ақ
«#бізбіргеміз!» акциясы аясында Шымкент қаласынның Жаңаталап елді мекенінің тұрғындарына 3000 көп мәрте пайдалануға жарайтын қорғаныш маскаларын тегін ұсынды.
Естеріңізге сала кетейік, коронавирустық инфекцияны жұқтырудың анықталуына байланысты Жаңаталап елді мекені оқшауланып, тұрғындар үй карантиніне орналастырылды.