“Оңтүстік” АЭА-да тігін фабрикасының құрылысы жүргізілуде

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының қатысушы «SAGITEX GROUP» ЖШС іш киім бұйымдарын шығаратын тігін фабрикасының құрылысын жүргізуде.
Жобаға жұмсалған инвестиция құны – 100 млн.теңгені құрайды. Жыл сайын кәсіпорын 85 мың.бұйым шығаратын болады. Кәсіпорын базасында 11 жаңа жұмыс орындары құрылады.
Фабрика 2021 жылдың II тоқсанында іске қосылады деп жоспарлануда.