«Оңтүстік» АЭА Басқарушы компаниясы 2021 жылды қорытындылады

Бүгінгі таңда «Оңтүстік» АЭА аумағында жалпы инвестиция құны 54,8 млрд. теңгені құрайтын 30 жоба іске асырылып, 2390 жұмыс орындары құрылды.
2020 жылмен салыстырғанда өндірілген өнім көлемінің өсімі 2021 жылы екі есе ұлғайып 30,3 млрд.теңгені құрады, экспорт көлемі 1,5 есе ұлғайып 13,5 млрд. теңгені құрады, жұмыс орындарының саны 1690 адамнан 2390 адамға жетті.
«Оңтүстік» АЭА кәсіпорындарының өнім экспортының географиясы әлемнің 24 мемлекетін қамтиды.
2021 жылы жалпы құны 12,277 млрд.теңгені құрайтын 6 жоба іске асырылып, 277 жұмыс орындары ашылды. Бұл жобалардың қатарында бірқатар жаңа жобалар да бар:
1. «Шымкент химиялық компаниясы» ЖШС 1 кезеңі – метил трет бутил эфирінің өндірісі;
2. «SAGITEX GROUP» ЖШС – көпсалалы тігін фабрикасы;
3. «BAIKRA» ЖШС – гигиеналық мақсаттағы қағаз өндірісі.
2021 жылдың қорытындысы бойынша «Оңтүстік» АЭА Басқарушы компаниясы жалпы инвестиция көлемі 28,4 млрд. теңгені құрайтын 12 жоба тартты. Бұл жобалардың аясында 2000-нан астам жұмыс орындары құрылады деп жоспарлануда.
Сондай-ақ, 2022-2024 жылдар аралығында құны 62,01 млрд. теңгені құрайтын 22 жоба іске асырылып, 3000-нан астам жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.
2020 жылы «Оңтүстік» АЭА аумағында іске қосылған Жеңіл өнеркәсібінің құзыреттілік орталығының 40 түлегі 2021 жылдың қорытындысы бойынша «Оңтүстік» АЭА-ның фабрикаларына жұмысқа орналасты. Жалпы 2021 жылы «Оңтүстік» АЭА кәсіпорындарында Жеңіл өнеркәсібінің құзіреттілік орталығының 150-ден астам студенті оқу және өндірістік іс-тәжірибеден өтті.
Сонымен қатар, 2021 жылдың ақпан айында «Альянс» СӨК» ЖШС (2015 жылдан бері тоқтап тұрған Ютекс, Ютекс KZ, Меланж кәсіпорындары атымен танымал) және «Azala Textile» ЖШС кәсіпорындарының аумақтары «Оңтүстік» АЭА аумағына субаймақ ретінде қосылып, «Оңтүстік» АЭА қатысушысы мәртебесін алды .
2021 жылдың қорытындысы бойынша аталған кәсіпорындар өндірген өнімнің жалпы көлемі 8,6 млрд.теңгені құрап, 2,5 млрд. теңге көлеміндегі өнім экспортталды. Бұл кәсіпорындарда 800-ден астам адам жұмыс орындарымен қамтылды.