"Бал Текстиль" ЖШС - халық үшін тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын

Ағымдағы жылдың 11 желтоқсанында Астанада «Алтын сапа» президенттік сыйлығының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.              Сайыскерлер 4 номинация бойынша сайысқа түсті: «Үздік өндірістік кәсіпорын», «Халық үшін тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын», «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын», «Тамақ өнімдерін немесе ауылшаруашылық өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын». "Бал Текстиль" ЖШС   «Халық үшін тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясының «Орта бизнес субъектісі» санатында жеңімпаз жарияланды.  

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 9 қазандағы №194 Жарлығына сәйкес "Алтын сапа" сыйлығы конкурстық негізде талапкер кәсіпорынның өнімі немесе қызмет көрсету сапасы мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жетістіктері, сондай-ақ менеджмент жүйелерін енгізгені үшін жыл сайын берiледi.Сапа саласындағы жетістіктері үшін берілетін Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығымен марапаттау әр жылдың соңында өтетін, елімізде маңыздылығы жоғары шара болып табылады. 

Биыл, аталмыш сайысқа қатысуға барлығы 182 кәсіпорын ниет білдірді, оның ішінде 78- шағын, 76- орта және 28 –ірі кәсіпорындар.

"Бал Текстиль" ЖШС - халық үшін тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын "Бал Текстиль" ЖШС - халық үшін тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын

Бүгінгі инвестициялар- Ертеңгі өркендеу