«Оңтүстік» АЭА “Сугд-2018” халықаралық экономикалық форумына қатысты

2018 жылдың 11 қазанында Худжанд қаласында Тәжікстандағы арнайы экономикалық аймақтардың құрылуының онжылдығы аясында “Жетістіктер тарихы мен жаңа мүмкіндіктер”  ұранымен халықаралық экономикалық форум өтті. Аталған іс-шара Тәжікстанның экономикалық даму және сауда министрлігінің, Соғды облысының атқарушы билігі мен “СУГД” арнайы экономикалық аймағының әкімшілігінің қатысуымен ұйымдастырылды. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы Басқарушы Компания  тарапынан форумға Басқарма Төрағасының Орынбасары Сержанұлы Ануар бастаған делегация қатысты.

whatsapp image 2018 10 16 at 10.32.001

Форумның негізгі мақсаттары шет мемлекеттермен іскерлік қарым-қатынас орнату, атқарылған жұмысты жан-жақты талдау және Тәжікстанның арнайы экономикалық аймақтарының даму мүмкіндіктерін қарастыру. Сондай-ақ, жиын барысында  аталмыш бағытта үздік нәтижесімен танылған көршілес мемлекеттердің тәжірибесі талқыланды. Қонақтар “СУГД” арнайы экономикалық аймағында орналасқан Таджпроф, Арча және Арча-жиһаз компанияларының өндірістік алаңдарымен танысты. «Оңтүстік» АЭАмен “СУГД” АЭА арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Жиынның соңында қатысушылар мен Тәжікстанның арнайы экономикалық аймақтарының дамуына зор үлесін қосқан тұлғалар мен ұйымдар салтанатты түрде марапатталды.

whatsapp image 2018 10 16 at 10.32.002

«Оңтүстік» АЭА “Сугд-2018” халықаралық экономикалық форумына қатысты «Оңтүстік» АЭА “Сугд-2018” халықаралық экономикалық форумына қатысты

Бүгінгі инвестициялар- Ертеңгі өркендеу