«Оңтүстік» «FDI Global Free Zones 2018» әлемдік рейтингісіне енді

«ОҢТҮСТІК» арнайы экономикалық аймағы - «Financial Times» басылымына еншілес «FDi Magazine» халықаралық журналының «Арнайы экономикалық аймақтар - 2018» рейтингісіне сәйкес 6 номинация бойынша әлемдегі үздік бизнес-платформа деп танылды.

          «FDi Magazine» сарапшылары - «Оңтүстік» АЭА басқарушы компаниясын - тікелей шетелдік инвестицияларды тарту, резидент кәсіпорындармен тығыз ынтымақтастық орнату, өндіріс көлемін арттыру, экспорт аясын кеңейту, халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастар, қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу бағыттарындағы жүргізілген жұмыс нәтижелерін ескере отырып:

  1. «CHINA STRATEGY» - «Қытай саясаты»;

2.«EXPANSIONS»- «Өндіріс алаңдарын кеңейту»;

  1. «MARKETING SLOGAN»- «Үздік маркетинг ұраны»;

4.«CHARITY INITIATIVES»- «Қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыру»;

  1. «COMMUNITY OUTREACH AWARD» - «Ақпараттық қызмет»;
  2. «EDITOR’S CHOICE: ONE’S TO WATCH»- «Бас редактордың арнайы номинациясы:Болашағы зор арнайы экономикалық аймақ»

номинацияларында көшбасшы ретінде марапаттады.

30 жылдық тарихы бар беделді баспаның рейтингісінде тұңғыш рет ҚАЗАҚСТАНДЫҚ арнайы экономикалық аймақ алты номинацияда жеңіске жетіп отыр.

Іске қосылған 10 жылдан астам мерзім аясында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы қазақстандық озық өндірушілердің қолайлы мекеніне айналып, жалпы құны 28,4 млрд теңгені құрайтын  жобаларды  жүзеге асырып,1346 адамды тұрақты жұмыс орнымен  қамтып отыр. 2021 жылдың аяғына дейін іске қосылатын жобаларды қоса есептегенде «Оңтүстік» АЭА-на тартылған инвестициялардың жалпы құны  173 млрд. теңгені құрайтын  болса, ашылатын жұмыс орындарының саны  4 мыңнан аспақ.    

Сонымен қатар,  «Оңтүстік» АЭА басқарушы компаниясы 2018 жылдан бастап Дүниежүзілік арнайы экономикалық аймақтар ұйымының Орталық Азиядағы ресми өкілдігі мәртебесіне ие. Дубай әмірі Мохаммед ибн Рашид Аль Мактум мырзаның жеке бастамасымен құрылған бұл ұйымға 70 мемлекеттің 500-ден астам арнайы экономикалық және индустриялды аймақтары мүше. ДАЭАҰ-мен тығыз ынтымақтастық тек Оңтүстік АЭА-ын ғана емес, тұтастай Қазақстан Республикасының экономикалық мүмкіндіктерін алпауыт инвесторлардың арасында танымал етіп, әлемдік инвестициялық үрдістердің ағымына сай дамытуға серпін береді.

«Оңтүстік» «FDI Global Free Zones 2018» әлемдік рейтингісіне енді «Оңтүстік» «FDI Global Free Zones 2018» әлемдік рейтингісіне енді

Бүгінгі инвестициялар- Ертеңгі өркендеу