Басқарушы компания Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасының екінші өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысуда.

“Оңтүстік” арнайы экономикалық аймағының Басқарушы компаниясы Өзбекстан Республикасының Ургенч қаласында Үкімет басшыларының, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен екі елдің іскер топтары өкілдерінің қатысуымен өтіп жатқан Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасының екінші өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысуда. Форум тақырыбы агроөнеркәсібі саласындағы, өнеркәсіп және туризм салаларындағы өңірлік бизнестің ынтымақтастығына арналды.
Іс-шара барысында “Оңтүстік” арнайы экономикалық аймағының қызметі мен негізгі көрсеткіштері таныстырылды.
Сондай-ақ, форум алаңында “Оңтүстік” АЭА-ның Басқарушы компаниясы мен “Хазарасп” АЭА-ның дирекциясы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Қол қойылған меморандум аясында тараптар арнайы экономикалық аймақтарды басқару саласындағы жинақталған тәжірибемен алмасуға және бірлескен іс-шараларды өткізуге ниет білдіреді.